Шымкентте мемлекеттік бюджет жоспары артығымен орындалған

0
2 415

Үшінші мегаполистің жергілікті бюджеті шамадан асыра қамтамасыз етілген.


Шымкентте мемлекеттік бюджет жоспары артығымен орындалған

Шымкент қаласында республикалық бюджет жоспары 102%, ал жергілікті бюджет жоспары 106%-ға орындалған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы бүгінгі ақпараттық коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Н. Көшеров мәлімдеді. Оның айтуынша, республикалық бюджет жоспары 102%-ға, яғни 1,4 млрд.тг. асыра орындалған. Ал, жергілікті бюджет жоспары 106%-ға немесе 3,9 млрд.тг. артығымен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ, аталған жиында 2019 жылдың алғашқы 10 айында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндаған Нұралхан Оралбайұлы кәсіпкерлердің 75 млн. теңге шамасындағы өсімпұлы мен айыппұлы кешірілгенін жеткізді.

«Бұл 2 345 шағын және орта бизнес субъектілерінің 421 млн.тг. берешегін өтеуіне байланысты жасалған жеңілдік. Сонымен қатар, 396 млн.тг негізгі қарыз сомасын өтеген 42 406 жеке тұлғаның 63 млн.тг. өсімпұл сомасы есептен шығарылды», - дейді департамент басшысы.