Шымкентте мемлекеттік сатып алу басқармасы құрылды

0
1 678

Шымкентте мәслихатының кезектен тыс қырық сегізінші сессиясында мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастыру басқармасын құруды ұсынды.


Шымкентте мемлекеттік сатып алу басқармасы құрылды

Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс қырық сегізінші сессиясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Онда негізінен бес мәселе қаралды. Біріншіден, мәслихаттың «Шымкент қаласының басқару схемасы» туралы шешіміне өзгеріс енгізілді. Қала әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов баяндама жасап, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастыратын басқарма құруды ұсынды. Депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдап, Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы құрылды.

Сессия отырысында жергілікті мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы шешімге толықтырулар енгізу мәселесі қаралып, депутаттар жалпы 14 жобаның тізімін мақұлдады.

"Заңға сәйкес, жаңа басқарма құру – уақыт талабы. Енді барлық мемлекеттік сатып алу жұмыстарын осы басқарма жүзеге асырады. Жақсы мамандарды жұмысқа қабылдаймыз. Яғни, мердігерлер бойынша жұмыс жанданып, жалақы төлеу мәселелері шешіледі. Ал мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының барлығы да қаланың дамуына серпін береді. Биыл Еңбекшi ауданындағы барлық балалар алаңшасы толық жаңартылады", - деді қала әкімі Ғ. Әбдірахымов.

Мәжілісте, сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы, әкімдік жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің құрамы және дербес құрамы, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің дербес құрамы бекітілді.