Шымкентте «Менің атаулы ағашым» атты сенбілік-акциясы өтті

0
3 236

«Қошқар ата» демалыс аймағында өткен шараға 300 адам қатысты.


Шымкентте «Менің атаулы ағашым» атты сенбілік-акциясы  өтті

Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы мен Экологиялық орталығының ұйымдастыруымен «Менің атаулы ағашым» атты сенбілік-акциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ағымдағы жылдың көктемінде күрделі жөндеуден өткен «Қошқар ата» демалыс аймағында 300 адам қатысқан сенбілік өтті. Бүгінгі тазалық жұмыстарының негізгі мақсаты өзен жағалауына санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізу және көріктендіру, ағаш отырғызу.
Манап Өтебаев колледжінің студенттері мен қалалық 7 мектептен келеген оқушылар және мекеме қызметкерлері белгіленген аймақты толығымен тазартып, 1000-ға жуық әртүрлі сәндік ағаштар мен қылқан жапырақты ағаштар отырғызды.
«Бүгінгі күннің салқындығына қарамастан белсене жұмыс істеп, қала тазалығы үшін барын салып жатқан жастарға алғысымды білдіремін. Және де бұл дәстүр басқа саябақтарда да жалғасын табады деген сенімдеміз», - деді Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағының мәдени ұйымдастырушысы Ақмарал Қыпшақбаева.
Барлығымызға белгілі «Қошқар ата» тұрғындар жиі келетін әдемі, демалуға жайлы демалыс аймағы. Мұнда келушілерге барлық жағдай қарастырылған. Сондай-ақ өзен суының адам денсаулығына тигізер пайдасы мол. Сондықтар болар, өзен жағалауына жылдың қай мезігілінде болмасын келушілердің қарасы үзілмейді.