​ШЫМКЕНТТЕ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ӘРЕКЕТТЕР: «ҚТЖ» ФИЛИАЛЫ МЕН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЕСКЕРТУЛЕР ЖАСАЛДЫ

0
198


​ШЫМКЕНТТЕ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ӘРЕКЕТТЕР: «ҚТЖ» ФИЛИАЛЫ МЕН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЕСКЕРТУЛЕР ЖАСАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Шымкент қаласындағы бірқатар кәсіпкерлік субъектілеріне монополияға қарсы заңнаманың бұзылуына байланысты шаралар қабылдады. «ҚТЖ» ҰК АҚ-ның Шымкент магистральдық желі бөлімшесіне қатысты арнайы хабарлама енгізілген.

Қосбаев Ернардың айтуынша, тексеру барысында филиал вагондарды беру және шығару кезінде кейбір нарық субъектілеріне басқаларға қарағанда артықшылықтар бергені анықталған. Бұл әрекет нарықтағы бәсекелестікті бұзып, басқа субъектілерді кемсітушілікке алып келген. Қазіргі уақытта хабарлама талаптары толық орындалып, филиал қызметі заңнамаға сәйкес реттелді, сонымен қатар белгілі бір субъектілерге қатысты жеңілдіктер алынып тасталған.
Монополияға қарсы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік мекемелер мен акцияларының 50%-дан астамы мемлекетке тиесілі кәсіпорындар бір көзден келісімшарт жасау үшін монополияға қарсы органнан рұқсат алуға міндетті. 2024 жылы Департамент осындай 10 өтінішті қарады, олардың 7-еуіне келісуден бас тартылды.
Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі