Шымкентте мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы таксилер қызмет көрсетеді

0
2 588

Инватакси қызметіне қоларбаға таңылған мүмкіндігі шектеулі азаматтар жүгіне алады.


Шымкентте мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы таксилер қызмет көрсетеді

Шымкентте мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін инватакси қызметі ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Инватакси қызметіне қоларбаға таңылған мүмкіндігі шектеулі азаматтар жүгіне алады.

Көліктер арнайы жылжымалы құрылғымен және кресло-арбаларды орнатуға арналған құралдармен жабдықталған. Арнайы көліктермен азаматтар жұмыс орнына, оқу орнына, құқық қорғау органдарына, әлеуметтік, медициналық мекемелерге қатынай алады.

Былтыр бұл қызметті пайдалануға 500-ден астам мүмкіндігі шектеулі азаматтан 28 мыңға жуық өтінім түскен. Қазіргі таңда 300 мүмкіндігі шектеулі азаматтан өтініш қабылданды.


Ал әлеуметтік такси қызметіне жүріп-тұруы қиын бірінші, екінші топ мүгедектері мен 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар пайдалана алады. Былтырдан бері оларға 43 көлік қызмет көрсетуде. Алдыңғы жылы 500-ден астам мүмкіндігі шектеулі азаматтан 125 137 өтінімге тапсырыс беріліп, қызмет көрсетілді. Қазіргі таңда 332 мүмкіндігі шектеулі азамат басқармаға осы қызметті алу үшін өтініш берген.