Бұл туралы Шымкентте өткен баспасөз жиынында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Ж.Бекшин мәлімдеді.
Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасындағы 10 айлық нәрестеге қайнаған сумен клизма жасаған медбике тәжірибесі аз болғаны анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Бұл туралы Шымкентте өткен баспасөз жиынында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Ж.Бекшин мәлімдеді.
Бүлдіршін анасымен Шымкент қалалық инфекциялық ауруханасына сәуірдің 2-ші күні ЖРВИ диагнозымен келіп түскен. Осыған байланысты оған барлық емшаралары жүргізіліп, клизма процедурасын жүргізу тағайындалған болатын.
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Ж.Бекшиннің сөзінше, аталған клизманы Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының медбикесі Истабекова жүргізу керек болған. Ал, Истабекова жұмысқа «Жол картасы» бағдарламасымен жаңадан орналасқан Налибаева Ботакөзге тапсырған. Онда медбике клизманы жасау кезінде судың температурасын тексермеген және медициналық қызмет көрсету алгоритімі бұзылғандығы анықталған.
«Истабекова және Налибаеваның мамандығы бойынша медициналық қызмет көрсету туралы рұқсат сертификаты болған. Алайда Налибаеваның жұмыс өтілі аз болған және де ол 6 ай мерзімді «Жол қартасы» бағдарламасы бойынша медбике болып аталған мекемеде қызмет етіп жүрген», - деді Ж.Бекшин.
- Қазір бүлдіршін Алматы қаласындағы педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында ем алуда. Баланың жағдайы тұрақты, орташа. Толық ем жүргізу жұмыстары жүргізілуде. Аталған оқиға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен министр Е.Біртановтың тікелей қадағалауында. Бүлдіршін емін алып, нәтижесін алғаннан соң құжаттарды дайындап ҚР ІІД-не жолдайтын боламыз, - деп қоса айтып өтті ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы.