Шымкентте Орта Азиядағы алғашқы алюминий құты шығаратын зауыт салынып жатыр

0
1 263

Қазіргі таңда шыны ыдыстарға сұраныс көп. Әсіресе, шарап зауыттары, газдалған сусын өндіруші, жеміс шырындарын шығаратын зауыттардан тапсырыс жиі түседі. Көкөніс консервілеуші зауыттар да осы өндірістің шыны ыдысына зәру.


Шымкентте Орта Азиядағы алғашқы алюминий құты шығаратын зауыт салынып жатыр

Шымкенттегі «ЕвроКристалл» ЖШС тамақ өнеркәсібі мен фармацевтикада пайдаланатын, көлемі 150 мл-ден 2 литрге дейінгі әртүрлі формадағы шыны ыдыстарын шығарады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазіргі таңда шыны ыдыстарға сұраныс көп. Әсіресе, шарап зауыттары, газдалған сусын өндіруші, жеміс шырындарын шығаратын зауыттардан тапсырыс жиі түседі. Көкөніс консервілеуші зауыттар да осы өндірістің шыны ыдысына зәру.

Кәсіпорын директоры Рустам Суховтың айтуынша, 2011 жылы ашылған өндіріс орны қазіргі таңда 300 адамды жұмыспен қамтып отыр.

– Кәсіпорын жылына 200 млн дана бөтелке, банка шығара алады. Зауыт өнімі экологиялық жағынан таза, берік. Зауытымыздың өз зертханасы бар. Онда шыны өнімдерін химиялық, физикалық сараптаудан ұдайы өткізіп отырамыз. Зертхана заманауи құралдармен жабдықталған. Компания өнімдеріне Қазақстанның көптеген қалаларынан, сондай-ақ Қырғызстан мен Ресейден де тапсырыстар түсуде, – дейді кәсіпорын басшысы.

Сондай-ақ, серіктестік келер жылы өз ауқымын кеңейтпек. 2021 жылы құрылысы толықтай аяқталатын кәсіпорын Орта Азиядағы алғашқы алюминий құты өндіретін зауыт болмақ. Жаңа өндіріс ошағы 160 адамды жұмыспен қамтып, жылына 500 миллион өнім шығаруға қауқарлы.