Шымкентте «Отбасындағы тұрмыстық зорлық - зомбылық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

0
750

Мақсаты - тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мен оның алдын алу саласында құқық қорғау органдарының кәсіби дағдыларын көтеру.


Шымкентте «Отбасындағы тұрмыстық зорлық - зомбылық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Шымкенттік полицейлер «Отбасындағы тұрмыстық зорлық - зомбылық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент ҚПД Қаратау ауданы Полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Назым Нұрланқызы Аярбекова Агро колледжде оқитын қыз-келіншектерге «Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты - тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мен оның алдын алу саласында құқық қорғау органдарының кәсіби дағдыларын көтеру. Дөңгелек үстел барысында Қазақстанның тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес саласындағы іс-қимылдың құқықтық негіздері, және мұндай құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік қаралатыны түсіндірілді.