​Шымкентте өткен инвестициялық форумда 200 млн. АҚШ долларын құрайтын 11 меморандумға қол қойылды

0
1 215

Шетелдік компаниялар қалада микрофибра өндіретін тоқыма фабрикасының құрылысын және бірнеше жобаларға инвестиция құюға ниетті.


​Шымкентте өткен инвестициялық форумда 200 млн. АҚШ долларын құрайтын 11 меморандумға қол қойылды

Шымкентте алғаш рет өткен инвестициялық форумның пленарлық мәжілісінен кейін сомасы 200 млн. АҚШ долларын құрайтын 11 меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шетелдік компаниялар қалада микрофибра өндіретін тоқыма фабрикасының құрылысын салу және қалалық жедел жәрдем қызметінің автопаркін жаңғырту, Шымкент-сити аумағында тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттың және жаңа саябақтың құрылысын салу сынды бірқатар ірі жобаларға инвестиция салуға ниетті.
Ең бірінші құны 13 млн. АҚШ долларын құрайтын қалалық жедел жәрдем қызметінің автопаркін жаңғырту жобасы бойынша қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен «Hyundai Trans Auto» ЖШС-нің директоры В.Вяткин және «MAYDAY KAZKHSTAN» ЖШС-нің төрағасы А.Хидаят арасында үш жақты әріптестік меморандумы түзілді.
Бұдан бөлек, әкім «Colosseo» компаниясының президенті Ян Енча мырзамен құны 40 млн. АҚШ доллары болатын Қажымұқан атындағы орталық стадионды қайта жаңарту жұмыстары бойынша келісімге қол қойды.
Айта кетейік, осы жылы қалаға 524 млрд. теңге көлеміндегі инвестиция тартылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артық.

Дереккөз: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі