Шымкентте өткен тәулікте 500-ге жуық нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді

0
419

Оның ішінде 14 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталды.


Шымкентте өткен тәулікте 500-ге жуық нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында өткен тәулікте 493 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде 14 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Шымкентте өткен тәулікте 6 930 адам вакцина салдырды: I компонент – 6 576, II компонент – 1 254. Егу науқаны басталғалы барлығы 95 985 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 11 616 адамға вакцинаның екі компоненті салынды.

28 сәуір күні КВИ-дің 114 жағдайы тіркеліп отыр (белгілері бар - 67, белгілері жоқ - 47). 27 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 87 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 406 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 490, «Атамекен» клиникасы – 450, Орынбай ГБОО – 70 орын, №14 емдеу орталығы – 250, қалалық перинаталдық орталық – 30, оңалту орталығы – 100, қалалық клиникалық балалар ауруханасы – 10, Шымкент жүрек орталығы – 6).
Шаһарда сауда нысандарында карантин талаптарының сақталуын бақылайтын 22 мобильдік топ жұмыс істеуде. Бұл бағыттағы іс-шаралар өзге өңірлермен салыстырғанда белсенді жүргізілуде.