Шымкентте «Президенттік жастар кадрлық резервіне» іріктеу науқаны басталды

0
1 601

Бұл бағдарлама аясында дарынды жастар басшы лауазымына тағайындалады.


Шымкентте «Президенттік жастар кадрлық резервіне» іріктеу науқаны басталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда алғаш рет дарынды жастар қатарынан іріктелген азаматтарды басшы лауазымдарға тағайындау мүмкіндігі беріліп отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мамандары «Арбат» демалыс аймағында «Президенттік жастар кадр резервіне» үміткер болып табылатын барша азаматтарға толыққанды ақпаратты ұсына отырып, көрнекі түрде онлайн платформаға құжаттарды енгізу бойынша кеңес беру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Атап айтсақ, іріктеу барынша ашық өткізіледі және оған 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар жас азаматтар қатыса алады. Сондай-ақ, резервке қосылуға ынталы азаматтар бірнеше кезеңнен өтуі қажет, олар:

• кандидаттардың теориялық білім­дерін тексеру тестілеуі;

• көшбасшылық қасиеттерді, сыни ойлау деңгейін, стратегиялық көзқа­ра­сын, үміткерлердің уәждемесі мен құн­дылықтарын бағалау (эссе жазу, жобаларды таныстыру, сұхбаттан өту және бағалаудың басқа да құралдары);

• Президент әкімшілігінің Сарап­шылық комиссиясында әңгімелесу;

• ҚР Прези­ден­тінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында қарау.

Сонымен қатар, шара барысында Департамент басшысы Көмекбаев Әли Амантайұлы болашақ басшы жастармен кездесіп, олардың еліміздің дамуында шешуші рөл ойнайтын және ілгерілеудің қозғаушы күші болып табылатынын айтып, пікір алысты.


Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Игілік барашаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасында елде Президенттік кадрлық резервті қалыптастыру қажеттігі туралы жариялаған болатын. Осы орайда, Президент тарапынан Қазақстанда алғаш рет дарынды жастар қатарынан іріктелген азаматтарды басшы лауазымдарға тағайындау мүмкіндігі беріліп отыр.