Шымкентте “QAMQOR” бағдарламасы басталды

0
303


Шымкентте “QAMQOR” бағдарламасы басталды

Шымкент қаласында “QAMQOR” бағдарламасы бойынша баспана алуға өтінімдер қабылдау басталды.

Өтінімдерді қабылдау otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында 30.09.2024 сағат 16:00 - 28.11.2024 жылы сағат 18:00 дейін жалғасады.


“Qamqor” бағдарламасының артықшылықтары:

1. 20 000 000 теңгеге дейін несие соммасы

2. Пайыздық мөлшерлеме -6%(ЖТСМ 6,4% бастап 6,9% дейін)
3. 10% бастапқы жарна
4. Несие мерзімі 25 жылға дейін
5. Шымкент қаласындағы бірінші нарықтағы тұрғын үй.

Бағдарламаға кім қатыса алады ?
- 63 жасқа дейін азаматтар(ша)
- Соңғы 5 жылдағы тұрғын үй болмаған
- Шымкент қаласында тіркелген
–Қаланың түрлі салаларындағы еңбек қызметі-журналистер, дәрігерлер, білім, мәдениет, спорт, энергетика салалары, аумақтық департаменттер, мемлекеттік мекемелер, коммуналдық салалар, КЕАҚ (ХҚКО) қызметкерлері және Шымкент қаласы бойынша ҚР ТЖМ азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері
Қарыз алушы банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда қарыз алушының жауапкершілігі және Банктің құқықтары туралы ақпарат банктің ресми сайтында www.hcsbk.kz орналастырылған.

Айта кетейік, «QAMQOR» бағдарламасы — Қазақстанда әлеуметтік тұрғыда осал топтар үшін баспана алу мүмкіндігін арттыратын мемлекеттік жоба. Бұл бағдарлама ерекше қажеттіліктері бар азаматтар, көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар және басқа да әлеуметтік қолдауды қажет ететін топтарға баспана алуға мүмкіндік береді. Бағдарламаға қатысу үшін азаматтар арнайы шарттар мен талаптарға сәйкес өтініш білдіре алады. Тұрғын үй бағдарламасы жеңілдетілген несиелер мен субсидиялар арқылы ұсынылады, бұл өз кезегінде баспана алу процесін қолжетімді әрі жеңіл етеді. «QAMQOR» бағдарламасы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Бөлісу