М.Әуезов атындағы ОҚМУ- да Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы негізінде семинар-тренинг өтті.
2020 жылы 14 қаңтарда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «ЖОО ЖАҒДАЙЫНДА «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ЖҮЙЕЛІ ТӘСІЛІ» атты семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ондағы басты мақсат, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласын орындау, ұлттың рухани жаңғыруы үшін ұлттық саясаттың басымдықтарымен танысу. Қоғамдық сананы жаңғыртудың маңыздылығын түсіндіру және университеттер жағдайында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға жүйелі тәсілдерімен таныстыру.
Семинар-тренингте Шымкент қаласындағы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Зәуре Оралбаева аталған бағдарлама бойынша атқарылған жұмыстар жайлы айтып, Шымкентте қала әкімдігімен бірге 40-тан астам ауқымды шара өткізілетіндігін тілге тиек етті.
"2020 жылы Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы болды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен жылы мектептерге «Өлкетану» және «Өлкетану хрестоматиясы» пән ретінде енгізілді. Егер жас ұрпақ туған өлкесін жақсы білетін болса, бөлінген қаржының текке кетпегені", - деді Зәуре Әбдіхамитқызы.
Ең бастысы, семинар-тренингте «Ұлы Дала жауһарлары» сериясымен 5 томдық «Ежелгі дәуір антологиясының 3 томы», «Ұлы Даланың көне мамандары» жобасы бойынша «Музыкалық Фольклор. Дәстүрлі ән өнерінің» 3 томы таныстырылды.