Шымкентте салтанатты митинг өтті

0
596

Жиынға қатысушылар ерлікпен қаза болған ерлерді үнсіздікпен еске алды.


Шымкентте салтанатты митинг өтті

Шымкент қаласында Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылуына арналған салтанатты митинг өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жиынға қатысушылар Ауған соғысы ардагерлері, олардың туыс-бауырлары ерлікпен қаза болған ерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына биыл 34 жыл толды. Жиналғандар енді мұндай зұлмат жылдардың қайталанбауын тілеп, қаза тапқан қарулас достарының ерлігі еш ұмытылмайтынын атап өтті.
Шымкент қаласы «Ауғанстан және жергілікті соғыс ардагерлері одағы» ҚБ төрағасы Ғалымжан Майханов жерлестеріміздің ерлігі санамызда мәңгілік жаңғырып тұратынын айтты.
Біз қарулас, жолдастарымызды еш ұмытпаймыз. Олардың рухына Құран бағыштау, еске алу іс-шарасын жылда өткізіп келеміз. Жиындар одан әрі жалғасын таба бермек. 8-10 ақпан аралығында Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан бауырларымызды еске алуға арналған күрестен халықаралық турнир өткіздік. Біздің бастамамызды қала әкімдігі қолдады. Бұл турнир де одан әрі жалғасын табады, – деді Ғалымжан Тастанұлы.
Зұлмат жылдары батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсеткен, Отан алдындағы парызына адал болған боздақтардың рухына Құран бағышталды.