Шымкентте сарбаздар әскери ант қабылдады

0
1 853

Жас сарбаздар әскери бөлімде бір ай ішінде үйренген қару-жарақпен саптық тәсілдерді, дефиле және армиялық қоян-қолтық ұрысты көрсетті.


Шымкентте сарбаздар әскери ант қабылдады

Осы күзде «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімде Нұр-сұлтан қаласынан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан шақырылған 100-ден астам шақырылушы ант қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жас сарбаздар әскери бөлімде бір ай ішінде үйренген қару-жарақпен саптық тәсілдерді, дефиле және армиялық қоян-қолтық ұрысты көрсетті.

Алдағы уақытта жауынгерлер мамандық бойынша қарқынды дайындық курстарынан, штаттық қаруды, әскери және арнайы техниканы теориялық және практикалық зерделеуден өтеді.
Салтанатты рәсімге «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Владимир Сафонов, Шымкент қаласындағы Қарулы Күштер ардагерлер кеңесінің төрағасы полковник Серікбай Онбаев, «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері кеңесі» қалалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серғали Рысбеков қатысты.