Шымкентте сейсмикалық оқу-жаттығу іс-шарасы өтті

0
1 060

Оқу-жаттығу барысында апат аймағынан эвакуациялаудың теориялық және практикалық дағдылары пысықталды.


Шымкентте сейсмикалық оқу-жаттығу іс-шарасы өтті

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданындағы «Айқап» шағынауданында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің авариялық-құтқару қызметі сейсмикалық оқу-жаттығу іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оқу-жаттығу барысында апат аймағынан эвакуациялаудың теориялық және практикалық дағдылары пысықталды. Оқу-жаттығу жоспары бойынша жер сілкінісі кезінде көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
Авариялық-құтқару қызметтерінің, азаматтық қорғау бөлімшелерінің және жалпы ТЖ қызметкерлерінің өзара іс-қимыл деңгейі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындаған кездегі олардың жұмысының тиімділігі бағаланды.
Шымкент қаласында бекітілген жоспарға сәйкес, барлық жалпы білім беретін мектептерде, тұрғын алаптарда, көпқабатты тұрғын үйлерде сейсмикалық оқу-жаттығу жүргізілуде.
Аталған іс-шара ықтимал жер сілкіністері кезіндегі іс-қимылдарды пысықтау, адамдарды эвакуациялау, зардап шеккендерге көмек көрсету, жер сілкінісінің салдарын жоюға бағытталған.