Шымкентте сейсмикалық тұрақтылығы 7-8 баллға шыдайтын 500-ге жуық тұрғын үй салынған

0
528

Бұл туралы Шымкент қаласы құрылыс басқармасының басшысы Мадияр Сансызбайұлы брифинг барысында мәлімдеді.


Шымкентте сейсмикалық тұрақтылығы 7-8 баллға шыдайтын 500-ге жуық тұрғын үй салынған

Шымкент қаласында 2018-2022 жылдар аралығында сейсмикалық тұрақтылығы 7-8 баллға шыдайтын 458 тұрғын үй салынған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы құрылыс басқармасының басшысы Мадияр Сансызбайұлы брифинг барысында айтты.
Спикердің сөзінше, Шымкент қаласында 1991-2022 жылдар аралығында сейсмикалық тұрақтылығы 7 баллды құрайтын шамаммен 1900 тұрғын үй салынған. Ал, 2018-2022 жылдар аралығында сейсмикалық тұрақтылығы 7-8 баллды құрайттын шамамен 458 тұрғын үй салынған.
Ал, Шымкент қаласында соңғы жылдары салынған тұрғын үйлердегі 1210 пәтерден кемшіліктер анықталған. Мердігер компаниялар кепілдік мерзіміне сәйкес, анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.
Айта кетейік, Шымкент қаласында 2023 жылы жалпы көлемі 254,2 мың шаршы метрді құрайтын 3342 пәтерлі 72 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарлануда.
Құрылыс салуға мемлекеттік бюджет есебінен жалпы 12,9 миллиард теңге қарастырылған. Оның ішінде:
- арендалық 29 үй (1364 пәтер);
- кредиттік 43 үй (1978 пәтер);
Сонымен қатар, жыл қорытындысымен салынатын 72 тұрғын үйден 3072 пәтерлі 67 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.
Бұдан бөлек, жыл соңына дейін жұмыс жасайтын жастар үшін нарықтан 900 пәтер сатып алу жоспарланған.
Құрылыс сапасын жақсарту бойынша тапсырысшы мен мердігер мекеме арасындағы келісім шартты күшейту мақсатында қосымша талаптар енгізілді.
Атап айтқанда, мердігер мекемеге 21 қосымша талап, техникалық қадағалаушыларға 15 қосымша талап, авторлық қадалаушыға 7 қосымша талап енгізілді.

Сондай-ақ, әр нысанға бекітілген техникалық қадағалаушы санын 3 есеге арттыру, құрылыс барысын тәулік бойы онлайн бақылау, құрылыс-монтаж кезеңінде терезе айналасына қосымша изоляциялық пленка жабыстыру жұмыстары қолға алынды.