​Шымкентте сержанттар күні аталып өтті

0
314


​Шымкентте сержанттар күні аталып өтті

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде бірінші шілде сержанттар күні болып бекітілген. Осы айтулы мерекеге орай Шымкент гарнизонының сержанттар құрамының құрметіне Түркістан сарайында салтанатты шара өтті.

Кәсіби мерекеге орайластырылған салтанатты шараға "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, Қарулы күштердің ардагерлері, офицерлер, сержанттар, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері қатысты.
Атаулы шараны "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал майор Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев құттықтау сөзімен ашып, сержанттар корпусының шығу тарихы мен олардың іскердегі атқаратын рөлі жайында жеке құрамға жеткізді. Сондай-ақ, әскери азаматттардың күнделікті өмірінде сержанттар құрамына жүктелетін міндеттер аз емес екенін, сондықтан да олардың әскердің қай саласында болмасын, Қазақстан армиясының ажырамас бөлігі болып табылатынын атап өтті.
Қызметте ерекше көзге түскен бірқатар сержанттар «Қазақстан патриоты» медалімен, «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің үздігі» төсбелгісімен, грамоталармен марапатталып, жекелеген әскери қызметшілерге мерзімінен бұрын әскери атақтар берілді.
Шара соңы қала өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен ұласып, естелікке суретке түсумен аяқталды.


Бөлісу