Шымкентте шетелдік дәрігерлер шеберлік сабағын өткізіп жатыр

0
660

Аталған шеберлік сабағының негізгі мақсаты - қалалық балалар клиникалық ауруханасындағы нейрохирургиялық қызметті жоғары деңгейде дамытып, дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттыру.


Шымкентте шетелдік дәрігерлер шеберлік сабағын өткізіп жатыр

Шымкент қаласындағы Асардағы балалар ауруханасында Ресейден және Алматы қаласынан келген бір топ хирургтер шеберлік сабағын өткізуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған шеберлік сабағының негізгі мақсаты - қалалық балалар клиникалық ауруханасындағы нейрохирургиялық қызметті жоғары деңгейде дамытып, дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттыру.

Шеберлік сабағы кезінде Ресейлік және отандық дәрігерлер бірігіп, орталық жүйке жүйесінің туа біткен ақаулары, краниостеноз- синостоз, Арнольда Киари , Церебральды сал ауруы кезінде дорзальды ризотомиясы, Мойя-Мойя ауруына шалдыққан науқастарға бірнеше күрделі операция жасауда.