Шымкентте спорттық нысандар саны мыңға жуықтады

0
1 115

Бұл туралы Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы​ның баспасөз қызметі мәлімдеді.


Шымкентте спорттық нысандар саны мыңға жуықтады

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында спорттық нысандар саны 933-ке жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған жолдауында бұқаралық спортты дамытуға тапсырма берген болатын. Ал, бұқаралық спорттың жағдайы мен дамуы қажетті спорттық инфрақұрылымның болуына байланысты екені белгілі.

Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметіне сүйенсек, биыл қаламызда бюджет есебінен 3 спорт нысанының және жеке инвесторлар арқылы 4 спорт нысанының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қоса, Абай ауданында - 25, Әл-Фараби ауданында - 9, Еңбекші ауданында - 11, Қаратау ауданында - 6 спорт алаңшаның құрылысы жүргізіліп жатыр екен. Жалпы алғанда 51 спорт алаңшасы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Қазіргі таңда қалада жалпы 346 алаңша бар.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына байланысты, мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді пайдалану және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Шымкент қаласының төрт ауданында орналасқан спорт алаңшаларында әр аптаның жексенбі күндері «Аула чемпионаттары» ұйымдастырылуда. Аталған спорттық іс-шараға 5-17 жас аралығындағы балалар спорттың 6 түрінен сынға түсуде. Атап айтар болсақ, балалар асық ату, ләңгі тебу, баскетбол, футбол, қыздар арасында скакалкамен секіру, гимнастикалық шеңбер айналдырудан жарысады. «Аула чемпионатында» жеңімпаз болған балаларға диплом, медаль және кубоктар табысталады.

Бүгінгі күнге дейін Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарында 24 спорт алаңшада «Аула чемпионаттары» өткізілді. Осы өткізілген спорттық іс-шараларға 1500 ден астам балалар қатысып, 120 ға жуық спорт саласының мамандары жұмылдырылды. «Аула чемпионатын» жыл соңына дейін 124 спорт алаңшаларда өткізу жоспарлануда.

Айта кетейік, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған кешенді бағдарлама аясында 2021 жылы 23 қазанда қаламызда "Жастар лигасы" байқауы басталды. Оған спорттың футбол, баскетбол, волейбол және шахмат түрлерінен 140 мектеп қатысты. Одан 514 команда жасақталып, жалпы додаға 5926 оқушы ат салысқан.

Ал, қаламызда екінші рет өткен "Жастар лигасына" қаладағы 151 орта мектептен 6 мыңға жуық оқушы қатысты.

Осы спорттық жарыстарға төрелік етуге және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге 400-ге жуық дене шынықтыру және спорт саласының мамандары жұмылдырылды.