Шымкентте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесі талқыланды

0
1 363

Полиция тәртіп пен әділдіктің тірегі болуы керек


Шымкентте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесі талқыланды

Шымкентке арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанынан құрылған республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының басшысы Ырза Тұрсынзада мен Агенттіктің Парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы Шымкент қаласының полиция қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кездесу барысында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты және парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру, жемқорлықпен күресті күшейту, ақпараттандыру, түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша мәселелер талқыланды.

Өз кезегінде, Агенттік тарапынан ғасыр дертімен күресу мақсатында қолға алынған жобалар таныстырылды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістерге де тоқталды. Жиын барысында құқық қорғаушыларға адам бойындағы асыл қасиеттер: адалдық, парасат, әділдік және сенім құндылықтарын қоғам арасында кеңінен насихаттаудың маңызы айтылды.

- Полиция тәртіп пен әділдіктің тірегі болуы керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге бағытталған бірлескен іс-шараларды күшейтіп, одан әрі жетілдіруіміз қажет. Бұл бағытта біршама жұмыс жүргізілді. Осыған орай сыбайлас жемқорлықтын алдын алуда бірлескен жұмыс пен ынтымақтастық үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне алғысымды білдіремін, – деп жиын төрағасы Ералы Жумаханбетов арнайы атап өтті.