Шымкентте табиғи ұлттық парктің бұрынғы бас директоры сотталды

0
3 304

Сотталушы орынбасарларынан 764 мың теңге алған.


Шымкентте табиғи ұлттық парктің бұрынғы бас директоры сотталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкентте "Сайрам-Өгем табиғи ұлттық паркі" РМК-нің бұрынғы бас директоры сотталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің орман және жануарлар әлемі Комитетіне қарасты "Сайрам-Өгем табиғи ұлттық паркі" РМК-ның басшысы алаяқтық жолмен қарамағындағылардан ақша алды деп айыпталған болатын.

Сотталушы орынбасарларынан 764 мың теңге алған. Бұл қомақты қаражатты экс бас директор қарамағындағыларға жоғары жақтан "қамқорлық танытқан" ҚР АШМ орман және жануарлар әлемі Комитетіндегі жоғары лауазымды тұлғаларға беретінін айтқан.

Сонымен қатар, сотталушы Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Қазақстан ауылында жоңышқа егуге және тасымалдауға 564 мың теңге сомасына жұмыс актісіне қол қойып, қызметтік жағдайын пайдаланып бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен сотталушы 7 640 000 теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды. Сот үкімі заңды күшіне енбеген.