Шымкентте талай уақыттан бері жатқан қоқыстар тазартылды (фото)

0
1 762

Қала тұрғындарының «Қоқыс апталап, айлап тазаланбайды!» деген уәждері шындық секілді.


Шымкентте талай уақыттан бері жатқан қоқыстар тазартылды (фото)

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында ауладағы қоқыстарды тазалау мақсатында сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов әлеуметтік желідегі ресми парақшасына жариялады.

«Күзгі маусым, алдағы жауын-шашын күндерді ескере отырып, Әл-Фараби ауданы бойынша ауладағы ирригациялық арықтарды және жаппай жапырақ түсу мерзімінде қоқыс алаңшаларының жанында көптен жатқан қоқыс қалдықтарын, жапырақ үйінділерін тазарту мақсатында сенбілік ұйымдастырылды», - делінген Шымкенттік әкімнің жазбасында.



Расында, Ғабит Мәуленқұлов жүктеген суреттерге қарасақ, қоқыстың біраз уақыт бойы тазаланбағаны, тіпті кей жерлерде «тау» болып жиналып қалғаны көрініп тұр. Ал, ол қоқыстардың адам денсаулығына зияны қандай? Анықтап жатқан Ешкім жоқ!

Осы орайда, апта сайын тазалық жұмыстарын жүргізуге жауапты мекемелер «Өз қызметін қанағаттанарлық дәрежеде атқарып жүр ме?» деген сұрақ туады. Сонымен қатар, кейбір қала тұрғындарының «Қоқыс апталап, айлап тазаланбайды!» деген уәждері де шындыққа жанасатынын секілді.

Айта кетейік, аудан әкімінің айтуынша, Әл-Фараби ауданында осындай сенбілік жұмыстары алдағы уақытта жалғасын табатын болады.