Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының әртістері «В гостях у сказки» атты қойылымын балаларға ұсынды.
Үшінші мегаполисте Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен түрлі іс-шаралар өткізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Солардың бірі Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының әртістері «В гостях у сказки» атты қойылымын балаларға ұсынды.
Театр әртістері бірнеше балабақша мен мектептерге барып, қызықты, әрі тәрбиелік маңызы бар қойылымдарын жас көрермендеріне арнады.
Атап айтар болсақ, «А-Айналайын» балабақшасында жас көрермендер театр репертуарының үздік қойылымдарының бірі достық пен татулыққа құрылған М. Абай-Ділдәнің «Туған күн» ертегісін тамашалады. Ал қалалық «Арнаулы мектеп-интернатында» оқушылар қайырымдылық іс - шара негізінде өрт қауіпсіздігі мен жол ережелеріне арналған Ә. Файзуллаұлы «Өрт» ертегісі, сонымен қатар, театр сахнасында А. Малюченко «Хвастунишка» ертегісі көрсетілді.
Балалар бүгінгі қызықты ертегілерді көре отырып, өздері де ертегі әлемінде жүргендей сезініп, демалып қайтты.
Жалпы, театр ұжымының пайымдауынша тәрбиелік маңызы бар үздік қойылымдар жас бүлдіршіндер мен оқушылардың жақсылық пен жамандық, әділет туралы алғашқы көзқарастарын қалыптастыруға ықпал етеді.