Шымкентте тегін медициналық анықтаманы сатып келгендер анықталды

0
2 108

Шымкенттік медициналық ұйымдармен 5,4 млн теңгеден аса қаржы алынған.


Шымкентте тегін медициналық анықтаманы сатып келгендер анықталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласының прокуратурасы медициналық ұйымдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына талдау жүргізудің нәтижесінде заңсыз анықтамалар берілгендігі анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Талдау көрсеткендей, наркологиялық (350 теңге), психоневрологиялық (350 теңге) және туберкулезге қарсы (220 теңге) ұйымдары медициналық анықтамаларды заңсыз ақылы негізде берген.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген өзгерістерге сәйкес аталған анықтамалар ағымдағы жылдың 2 қазанынан бастап тегін негізде берілуі қажет болатын.

Жоғарыда аталған медициналық ұйымдармен 8 күн ішінде заңсыз 5,4 млн-нан аса теңге қаржы алынған (туберкулезге қарсы диспансері – 89 320 теңгеге 406 анықтама, психоневрологиялық диспансер – 2 816 800 теңгеге 8048 анықтама, наркологиялық диспансер – 2 575 650 теңгеге 7359 анықтама).

Прокурорлық ықпал ету актілері негізінде аталған анықтамаларды ақылы негізде беру тәжірибесі тоқтатылды.

Шымкент қаласының прокуратурасы қала тұрғындарына көрсетілген ақылы мемлекеттік қызметтің қаражатын жоғарыда көрсетілген мекемелерден қайтарып алуға құқылы екендігін хабарлайды.

Дереккөз: Шымкент қаласының прокуратурасы