Күдіктілер қатарында үш лауазымды полицей бар.
ERNUR.KZ. Шымкент қалалық Полиция департаментінде көз жұмған Нұрболат Жұмабаевтың ісі бойынша ұсталған үш лауазымды полицейге сот қаулысы шықты, деп жазады exk.kz
Олар Ұлттық қауіпсіздік департаментінің тергеу қапасына қамауға алынды.
Марқұмның әкесі Ерғара Жұмабаевтың адвокаты Талғат Есімов ішкі істер органдары қатарынан шығарылған алты полицейдің де үстінен іс қозғалу керектігін айтты.
"Алты полицейдің үшеуінің үстінен іс қозғалды. Мен қалған полицейлердің де, сонымен қатар мынау СОБР (жедел әрекет ету арнайы жасағы) қызметкерлерінің де үстінен қылмыстық іс қозғалуы керек деп есептеймін. Бұл бойынша прокуратураға талап-арыз бермекпіз. Сондай-ақ осы оқиғадан кейін департамент бастығы өз қызметінен кетуі керек деп есептейміз. Бұл бойынша Президент әкімшілігі, Бас прокуратура мен тергеу тобына алдағы күндері шағым жібереміз", — дейді адвокат.