Сот оны кінәлі деп танып, мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салды.
Шымкент қаласы полиция департаменті Еңбекші ауданының полиция басқармасының тергеушісіне қатысты үкім шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Қр Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
30 наурыз күні Шымкент қаласының Қаратау аудандық соты Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданының Полиция басқармасының тергеушісі Бейсенбайға қатысты үкім шығарды. Ол өзінің өндірісіндегі қылмыстық істі тоқтату үшін 500 000 теңге пара алған.
“Сот оны кінәлі деп танып, мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады”, - делінген баспасөз хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.