Шымкентте тұңғыш рет озық үлгідегі зертханалық автоматты анализатор орнатылды

0
653

Жаңа қондырғы зертханалық зерттеулердің ең жоғары сапасын қамтамасыз етеді


Шымкентте тұңғыш рет озық үлгідегі зертханалық автоматты анализатор орнатылды

ERNUR.KZ. Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасына қарасты Диагностикалық орталықта жаңа құрылғы іске қосылды.

Медициналық мекемедегі зертханаға жоғары технологиялы заманауи биохимиялық, иммунологиялық зерттеулердің біріктірілген модульді Швейцария елінде өндірілген «cobas pro» Roche Diagnostics зертханалық автоматты анализаторы орнатылды.

Орнатылған жаңа қондырғы зертханалық зерттеулердің ең жоғары сапасын қамтамасыз етеді, бір сағат көлемінде 2 000 тест жүргізуге және нәтижесін 2 сағат көлемінде шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аталған анализатор Оңтүстік өңірдің мемлекеттік медициналық мекемелерінде алғаш рет Диагностикалық орталық зертханасында іске қосылып отыр.
Анализатордың жоғары өндірушілік қабілеті, қателіктерге жол бермейтін бағдарламасы, зерттеулердің жоғары деңгейдегі сапасын қамтамасыз етуі тұрғындарға сапалы зертханалық зерттеулерге қолжетімділігін арттырады.
Осындай жоғары технологиялы анализатордың жұмысымен танысу мақсатында Шымкенттегі медициналық ұйымдардағы зертхана мамандарынан бөлек, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облысынан келген қызметкерлер шеберлік-сыныпқа қатысып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.