Тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек ретінде 1 000 000 (бір миллион) теңгеден аспайтын мөлшерде беріледі.
Өтінімдер 2024 жылдың 1 тамызында сағат 9:00-ден бастап қабылданады, деп хабарлайды ERNUR.KZ
Тұрғын үй сертификаты – мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында несие негізінде «2-10-20 Бақытты отбасы», «5-10-20» бағыттарына сәйкес, тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін азаматтарға берілетін көмек. Тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек ретінде 1 000 000 (бір миллион) теңгеден аспайтын мөлшерде беріледі.
Талаптарға сәйкес, өтініш беруші мен бірге тұратын отбасының әрбір мүшесінде айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен, соңғы 6 айда орташа табысы 134 562 теңгеден аспауы тиіс. Зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және өзге де міндетті аударымдар есептелмейді.
Айта кетейік, өтініштер «кezekte.kz.» интернет ресурсы арқылы қабылданады. Өтінім жіберу үшін азаматтың электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет.