Шымкентте тұрғын үй сертификатына өтініш қабылдау шілдеде басталады

0
664

Өтінім қабылдау 26-шы шілде күні басталады.


Шымкентте тұрғын үй сертификатына өтініш қабылдау шілдеде басталады

Шымкент қаласында Тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау 26-шы шілде күні басталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы бүгін қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Азамат Рысжанов ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте мәлімдеді.
Оның айтуынша, тұрғын үй сертификаты «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20», «5-10-20», «5-20-25» және «7-20-25» бағыттары бойынша тұрғын үй алуды көздеген, төлем қабілеттілігін растаған 500 азаматқа мемлекет тарапынан бастапқы жарна мөлшерінің бір бөлігін жабу үшін ұсынылады.
Заңда көрсетілген талап бойынша, өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің әрқайсысының соңғы 6 ай ішіндегі айлық табысы, биылғы қаржы жылына заңнамада белгіленген, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен (106 336 теңге) аспауы тиіс. Нақты айтқанда 2021 жылғы ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері 34 302 теңгені құрайды, – деді А. Рысжанов.
Аталған азаматтарға көрсетілетін қызметте ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында өтінім қабылдау үшін http://www.xn--ezekte-2pf.kz/ интернет ресурсы іске қосылады. Бұл үшін әрбір азаматтың электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет.
Тұрғын үй сертификатын алуға Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер, мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар қатыса алады.