Шымкентте тұрғын үй толығымен жанып кетті

0
704

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


Шымкентте тұрғын үй толығымен жанып кетті
Шымкент қаласында жалпы көлемі 72 шаршы метр құрайтын тұрғын үй ішіндегі заттарымен бірге толығымен жанып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, аталған оқиға 6 наурыз күні сағат 00:43-те Шымкент қаласы, Абай ауданы, Қайнарбұлақ саяжайы, Южная көшесінде болған.

"Өрт сағат 01:14-те оқшауланып, сағат 01:30-да толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда", - делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінен 12 қызметкер мен 2 дана техника және Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.