Шымкентте ТЖ кезінде әлеуметтік топтамаларды алатын азаматтардың қатары ұлғайтылған

0
992

Мегаполисте 280 633 адамға 42 500 теңге төленген.


Шымкентте ТЖ кезінде әлеуметтік топтамаларды алатын азаматтардың қатары ұлғайтылған

Шымкентте төтенше жағдай кезінде әлеуметтік топтамаларды алатын азаматтардың қатары ұлғайтылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Карантиннің енгізіліуіне байланысты жұмысынан айырылған азаматтарды қолдау мақсатында 42 500 теңге әлеуметтік төлем тағайындалған болатын.

Бұл орайда, бүгінгі күнге дейін қалада 282 745 адамға 42 500 теңге көмек тағайындалып, 280 633 адамға 42 500 теңге төленген. Осы мерзімде 17 593 отбасыға 2 млрд 411 млн. теңге АӘК төленген. Ал кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету бойынша АӘК тағайындалған отбасылардың балаларына 27 986 балаға осы әлеуметтік пакетпен ай сайынғы азық-түлік берілуде.

Айта кетерлігі, төтенше жағдай кезінде әлеуметтік топтамаларды алатын азаматтардың қатары ұлғайтылған. Оның ішінде:
- 6 жастан 18-қа дейінгі балаларға нақты 31 737 балаға 517 млн теңге төленген.
- 16 жастағы мүгедек балар мен барлық жастағы І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектерге, 34 149 азаматқа 189.7 млн теңге қаржы төленген.
- Мүгедек бала күтімімен айналысатын ата-аналарға 4 843 азаматқа 26 млн 900 мың теңге төленген.
- Жұмыспен қамту шараларына тартылған азаматтарға 4 292 адамға 23млн.800мың теңге қаржы төленген.
- «Біз біргеміз» қоры арқылы 41 630 азаматқа әр отбасына 50 мың теңгеден 2 млрд 81 млн қаржы төленген. Сонымен қатар, халықтың 20 мың осал топтарына 50 бетперде тегін үлестірілген.