Шымкентте үйден өрт шығып, анасы мен қызы күйіп қалды

0
870

Өрт сыйымдылығы 50 литр төрт газ баллон қауіпсіз жерге шығарылды.


Шымкентте үйден өрт шығып, анасы мен қызы күйіп қалды

Шымкент қаласында үйден өрт шығып, анасы мен қызы күйіп қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

15 ақпан күні сағат Қаратау ауданының Қайнар бұлақ саяжайындағы Березовая көшесіндегі үйде 56 шаршы метр алаңда үйдің жануы және 28 шаршы метр алаңда қабырғаның ішінара құлауы орын алған.

Үйдің ішінде 50 литрлік газ баллонның жалғанатын шлангісі ауқауы салдарынан газ-ауа қоспасының тарсылы орын алды.

Сондай-ақ өрт сыйымдылығы 50 литр төрт газ баллон қауіпсіз жерге шығарылды.

Өрт салдарынан 2016 жылғы қыздың (шамамен 15%) аяғы, беті және арқасы күйік шалды. Ол Шымкент қаласы ауруханасының күйік бөлімшесіне жатқызылды және оның 1993 жылғы анасы 2% күйік алды.

Өрт сағат 16:54-те ауыздықталып, 16:59 сағатта сөндірілді .

Өртті сөндіруге өрт сөндіру қызметінің 17 қызметкері мен 3 бірлік техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы тартылды.