Шымкентте Ұландықтар арасында үздік әдіскерге байқау басталды

0
72

Конкурс барысында қатысушылар мемлекеттік-құқықтық дайындық, жалпы әскери жарғылар, қызметтік-жауынгерлік қолданыс тактикасы бойынша сынақтардан өтеді


Шымкентте Ұландықтар арасында үздік әдіскерге байқау басталды

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде үздік әдіскерді анықтауға арналған байқау-конкурсының I кезеңі басталды.

Байқау-конкурс шеңберінде барлығы 8 номинация бойынша үздіктер анықталады: «Үздік әдіскер – батальонның (дивизионның) командирі», «Үздік әдіскер - штаб бастығы, батальон (дивизион) командирінің орынбасары», «Үздік әдіскер - батальон (дивизион) командирінің ТжӘҚЖ жөніндегі орынбасары», «үздік әдіскер – ротаның (батареяның) командирі», «үздік әдіскер - рота командирінің ТжӘҚЖ жөніндегі орынбасары», «үздік әдіскер – взвод командирі», «Үздік әдіскер – взвод сержанты – жауынгерлік дайындық жөніндегі нұсқаушысы» және «үздік әдіскер – бөлімше (есеп) командирі».
Іс-шараның негізгі мақсаты озық тәжірибені насихаттау және роталық буын офицерлерінің имиджін көтеру, сондай-ақ олардың жеке құрамды оқыту және тәрбиелеу бойынша кәсіби шеберлігін одан әрі жетілдіру болып табылады.
Конкурс барысында қатысушылар мемлекеттік-құқықтық дайындық, жалпы әскери жарғылар, қызметтік-жауынгерлік қолданыс тактикасы бойынша сынақтардан өтеді, сондай-ақ атыс және дене шынықтыру даярлығынан нормативтерді орындайды.
Номинациялар бойынша жеңімпаздарды бригада басқармасының неғұрлым тәжірибелі офицерлері арасынан іріктелген комиссия мүшелері анықтайды.
Байқау-конкурстың қорытындысы 25 қыркүйекте шығарылады, онда үздіктер 6506 әскери бөлім командирінің дипломдарымен және сыйлықтарымен марапатталады. Алдағы уақытта олар ағымдағы жылдың қазан айында Алматы қаласында өтетін конкурстың екінші кезеңінде бригаданың атынан қатысатын болады.
Бөлісу