Шымкентте уланудан қайтыс болған қыз туралы тергеу жұмыстары басталды

0
2 193

Аталған ауруды 08.09.2018ж кешкісін кафеден жеген пицца, суши және сүтті коктейль ішумен байланыстырған. Баланың анасы да бірдей уақытта ауырған, ШҚЖА-да ем алған.


Шымкентте уланудан қайтыс болған қыз туралы тергеу жұмыстары басталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласы әкiмдiгi мен «Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК-нің әкімшілігі қайтыс болған қыздың отбасы мен туыстарына шын жүректен көңіл айтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
К.есімді балақай қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында 10.09.2018 жылы көз жұмған.
25.10.2015 ж.т. К.есімді бүлдіршін ауруханаға 09.09.2018 жылы сағат 10.55-те іші ауырып, құсу шағымымен жедел жәрдем көлігімен жеткізілген. Қабылдау бөліміндегі дәрігерлер баланың жағдайы орташа деңгейде екенін анықтайды, әжесі ауруханаға жатқызудан бас тартады. Алайда, ауруханада қалдырудан бас тарту туралы тілхат жазып беруге де келіспеген. 09.09.2018ж. сағат 14:24 қайтадан жедел жәрдем шақыртылады, әжесі ауруханаға жатқызудан бас тарту туралы тілхатқа қол қойып берген. Дәл сол күні сағат 16:55-те ШҚЖА-на өздері келіп, ауруханаға жатқызылған. «Тамақтан улану токсокоинфекциясы» диагнозы қойылған.
Түскен кездегі шағымы: тәулігіне 5-6 рет құсу, әлсіздік, тәбеттің болмауы. Аталған ауруды 08.09.2018ж кешкісін кафеден жеген пицца, суши және сүтті коктейль ішумен байланыстырған. Баланың анасы да бірдей уақытта ауырған, ШҚЖА-да ем алған. 10.09.2018 жылы сағат 21:10-да баланың жағдайының нашарлауына байланысты, реанимациялық бөлімге ауыстырылған. 10.09.2018ж. сағат 22:30-да ИВЛ-терапия мен жүрегіне қайта тірілту жасалуына қарамастан, қыздың жүрек соғысы тоқтайды. Реанимациялық жұмыстар оң нәтиже бермеген.
Клиникалық негізгі диагнозы - сепсис, септицемия, асқынулар бойынша дәрігерлер - " ЖЖӨЖ, бас миының қабынуы, 3-дәрежелі септикалық шок" деген қорытынды жасаған.
Туыстары патологиялық-анатомиялық тексеру өткізуден бас тартып, баланың денесін алып кеткен. Медқызметкерлеріне ешқандай шағымы жоқ екені туралы қолхат жазып қалдырған.

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің ОҚО бойынша департаментімен бірлесеп, аталған жағдай бойынша қызметтік тексеру жұмыстары басталды. Тексеру нәтижесі қосымша хабарланатын болады.