Шымкентте үш айналма жол салынады

0
459

Оның біреуі пайдалануға берілді.


Шымкентте үш айналма жол салынады

Шымкент қаласында үш айналма жол салынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Абдырахманұлы брифинг барысында мәлімдеді.

Барлық «Ақылды қала» ұстанымдарына сәйкес, мегаполисттерде айналма жол салу өзекті болып отыр. Осы мақсатта қаламызда үш айналма жол салу жоспарланған. Оның біреуі пайдалануға берілді. Қазір бірінші айналма жолдың құрылысы басталды.

Одан бөлек, Шымқаламыздың республикалық маңызы бар қала мәртебесіне сай көрікті әрі өмір сүруге қолайлы болып одан әрі дамуы үшін ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап айтар болсақ, Шымкент қаласының 2035 жылға дейінгі даму бас жоспары әзірлену барысында екі қоғамдық талқылау өтті. Әр қоғамдық талқылауға бір ай уақыт белгіленді. Сәулетшілер мен қала халықы тарапынан 140-ға жуық сұрақтар мен ұсыныстар келіп түсті. Әрбір ұсыныстар мен сұрақтарға өз кезегінде жобалаушы мекеме тиісті заңдылықтарға сәйкес жауап берілді.

Сондай-ақ, қала тұрғындарының тарапынан Бозарық шағын ауданының аумағынан темір жол салу туралы ұсыныс түскен болатын. Алайда бұл арнайы мамандардың және жобалаушы мекеменің жүргізген зерттеуінің нәтижесінде қалаға экономикалық тұрғыдан тиімісіз екені нақтыланды. Сол себепті қолда бар ресурстарды пайдалану мақсатында бас жоспарға темір жолды аэропорт ауданының аумағынан салу тиімді деп жоспарлануда. Бұған қаланың тұрғындары да дұрыс деген ұсыныстарын білдірді.

Айта кетейік, қаланың бас жоспарына сәйкес, транспорттық логиситика, инженерлік коммуникация жүргізу мекемелері, білім беру мен денсаулық сақтау ұйымдары, бас жоспарда қарастырылған мәдени-тұрмыстық ұйымдардың барлығы мемлекет мұқтаждығына қайтарылады. Бүгінгі күнде ҚР Жер кодексінің 84-бабы және ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының өндірісінде нысандардың құрылысын жүргізу үшін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы 1442 жер учаскесіне, 157 нысан бойынша 33 қаулы қабылданған.