Бес күнге созылатын іс-шара соңында қатысушыларға арнайы біліктілікті арттыру туралы сертификаттар табысталады.
2200 жылдық тарихы бар Шымкент қаласына сыртқы және ішкі туризм бойынша келушілердің саны жыл санап көбейіп келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Айта кетейік, өткен жылы шаһарға 400 мыңға жуық турист келген. Осы ретте туризм саласында туристік операторлардың қызметі маңызды екені анық. 2021 жылы Шымкентте 7 туроператор тіркелген болса, қазіргі уақытта қаламызда 10 туроператор лицензиямен жұмыс істеп жатыр. Қалалық туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының мәліметінше, туроператор болып тіркелудің ережелері бар.
Шаһарда соңғы жылдары туроператор қызметіне сұраныс артқан. Демалыстың қауіпсіз және кәсіби түрде өтуі олардың заңды жұмыс жасауына тікелей байланысты болғандықтан «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы туроператорлармен тікелей жұмыс жасап, олардың санын арттыру мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырып келеді. Осы мақсатта гид-экскурсоводтар мен қонақ үй қызметкерлері арасында жыл сайын семинар ұйымдастырылады.