Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Механикаландырылған бригаданың спорт кешенінде қазақша күрестен турнир өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының барлық әскери бөлімдерінен 32 палуан «Оңтүстік барысы» атағы және қазақ күресінен Қарулы Күштер чемпионатына жолдама үшін күреске шықты. Жарыс 80 келіге дейінгі және одан жоғары екі салмақ дәрежесінде өткізілді.
Еске сала кетейік, Шымкентте еліміздің барлық аймақтарымен қатарлас көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды. Үшінші мегаполистің бірінші тобы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарына аттанды. Мерзімді қызмет орындарына медициналық комиссиядан, жеке сұхбаттасудан және психологиялық тұрақтылығын анықтайтын сынақтарынан сәтті өткен 15 адам кетті. Қалыптасқан дәстүр бойынша шақырылушыларды шығарып салар алдында әскерге шақыру комиссиясының отырысы өтті. Отырыста жастардың қызмет ету себебі мен психологиялық көңіл-күйі тағы да нақтыланып, оларға Отан қорғаушылардың дәстүрлеріне адал болуларын және қызметтерін абыроймен атқаруын тіледі. Әскерге шақыру комиссиясы ең алдымен техникалық мамандығы, физикалық дайындығы, денсаулығына байланысты әскери қызметке жарамды және әскерге баруға ниет білдірген шақырылушыларды бірінші кезекте қарастырады.