Ауа-райының нашарлауына байланысты Шымкент қаласында электр желілері үзіліп, кеңінен электрмен қамтамасыз ету жүйелері өшірілген болатын.
Шымкент қаласы аумағындағы электр энергиясы желілерінде орын алған ақаулар қалпына келтірілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы қалалық төтенше жағдай департаментінде өткен баспасөз брифингінде департамент басшысының орынбасары Жәнібек Кәрімбаев және «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің өкілі Асқар Жүнісов мәлімдеді.
17 қараша күні сағат 10:00-ден бастап ауа-райының нашарлауына байланысты Шымкент қаласында электр желілері үзіліп, кеңінен электрмен қамтамасыз ету жүйелері өшірілді. Нәтижесінде 14700 абонент электр қуатынсыз қалды. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС күшімен осы күні 7491 абонент қосылды.
18 қарашадағы жағдай бойынша 09:00-де «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС күшімен, яғни 16 бригада, 59 қызметкер және 11 бірлік техниканың жұмылдырылуымен жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, 7159 абонент электрмен жабдықтауға қосылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда 50 абонент электр қуатынсыз қалып отыр, бұл жағдай «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС күшімен электр қуатын қосу жұмыстары жүргізілуде.