Шымкентте зейнетақылар мен жәрдемақылар уақытылы беріледі

0
817

Қала аумағындағы банк бөлімшелері штатты режимде таңғы 09.00 мен 18.00 аралығында тұрақты жұмыс істеуде.


Шымкентте зейнетақылар мен жәрдемақылар уақытылы беріледі

Шымкентте зейнетақылар мен жәрдемақылар уақытылы беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сондай-ақ, шымкенттік 100 мыңнан астам зейнеткердің «Халық банкі» мен «Қазпочта» арқылы ай сайын зейнетақы алатынын жеткізді.

– Қала аумағындағы банк бөлімшелері штатты режимде таңғы 09.00 мен 18.00 аралығында тұрақты жұмыс істеуде. Зейнетақылардың алғашқы бөлігін бүгін аудардық. «Халық банктің» 176 банкоматында қаржы жеткілікті, - деді «Халық банкі» қалалық филиалы басшысының орынбасары А.Досымбекова.

Сондай-ақ, А.Досымбекова ақшаны қолма қол алатын зейнеткерлерден қашықтықтан 7111 нөміріне хабарласу арқылы тегін зейнетақы карточкасын аштыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, банк бөлімшелерінде санитарлық нормалардың қатаң бақылауға алынғанын айтып, маскалық режим бойынша жұмыс істелініп жатқанын жеткізді.

Қалыптасқан жағдайға байланысты «Қазпочта» акцинерлік қоғамының 35 филиалы 65 жастан асқан азаматтарға зейнетақыларын үйлеріне жеткізіп беррмек. Бұл туралы хабарлаған «Қазпочта» АҚ филиалының директоры Б.Ысқақ зейнеткерлердің почта бөлімшелеріне телефон шалып, өтінім берсе жеткілікті екендігін айтты.