Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Шымкент қаласында жалдамалы пәтерден 23 жастағы қыздың денесі табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ
Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ағымдағы жылдың 30-қарашасында сағат 10:05-те Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына Тыныбаев көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің пәтерінен әйел мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.
Тексеру барысында жедел-тергеу тобы 1998 жылы туылған азаматшаның аталған пәтерді 2021 жылдың 30-қарашасында таңғы сағат 07:00-де жалға алғанын анықтады.
Оқиға орнынан қайтыс болған азаматшаның жеке заттары тәркіленіп, қол саусақтарының іздері алынды.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.