Шымкентте жалдамалы пәтерден екі жастың мәйіті табылды

0
536

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.


Шымкентте жалдамалы пәтерден екі жастың мәйіті табылды

Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен екі мәйіт табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл ақпаратты қалалық полиция басқармасы растады.

Ведомство мәліметінше, аталған оқиға 21 сәуір күні болған.

"Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы қайтыс болғандардың жеке басын анықтады. Жалдамалы пәтерден 1998 жылы туған БҚО тұрғыны және 2001 жылы туған Қызылорда облысы тұрғынының денесі табылды. Мәйіттердің сыртқы сараптамасынан зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ", - делінген баспасөз хабарламасында.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 306-бабының 3-бөлігімен «Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін, адам өліміне әкеп соққан тауарларды шығару немесе өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету» бойынша ҚР ҚК-не тіркелді.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.