Бұл бағыттарда үлкен, жолаушыларға қолайлы автобустар қызмет көрсетіп жатыр.
Шымкент қаласындағы Самал-3 және Азат шағынаудандарына жаңа автобустар жүре бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент келбеті газетіне сілтеме жасап.
Атап айтсақ, Самал-3 шағынауданы, Солтүстік батыс шағынаудандары тұрғындарының өтініштері бойынша N133 және Азат шағынауданына қаланың орталық бөлігі арқылы қатынайтын N182 жаңа бағыттар ашылып, үлкен, жолаушыларға қолайлы автобустар халыққа қызмет көрсетіп жатыр.