Осыған дейін кезектегі 468 азамат арендалық пәтермен қамтылған болатын.
ERNUR.KZ. Мемлекеттік бағдарлама аясында Шымкент қаласындағы Тұран шағын ауданында орналасқан жаңа тұрғын үйлерден 51 отбасыға арендалық пәтерлер берілді.
Жылдық жоспарға сәйкес, осыған дейін кезектегі 468 азамат арендалық пәтермен қамтылған болатын. Олардың арасында әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтағылар, көпбалалы отбасылар, жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, бюджеттік ұйым санатындағы азаматтар бар.