2022 жылғы 20 шілдедегі № 253 бұйрыққа сәйкес Анна Юрьевна Саворовская «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды.
Шымкент қаласында егіз бауырын өртеніп жатқан үйден аман алып шыққан жасөспірім марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы генерал-майор И.Күлшімбаев қол қойған 2022 жылғы 20 шілдедегі № 253 бұйрыққа сәйкес Анна Юрьевна Саворовская «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды", - делінген баспасөз хабарламасында.
Еске сала кетейік, Шымкент қаласы, Қайнар бұлақ саяжайы, Зеленая көшесі бойында орналасқан жеке тұрғын үйде өрт шыққан болатын. Өрт болған кезде үйде 12 жасар қыз бен оның егіз інілері болған. Ол өртті өздігінен өшіруге талпынғанымен, қызыл жалын күшті болған. Содан соң, ұйықтап жатқан егіз бауырын түтінге тола үйден шығарып алған.