Шымкентте жасөспірімдер арасында өкпе туберкулезі көбейген

0
508

14 жасқа дейінгі балалар арасында аурушаңдық 7 жағдайға өскен.


Шымкентте жасөспірімдер арасында өкпе туберкулезі көбейген

Шымкент қаласыда жасөспірімдер арасында өкпе туберкулезі көбейген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаев брифинг барысында мәлімдеді.

Спикердің сөзінше, өткен жылы Шымкент қаласында туберкулездің 324 жағдайы тіркеліп, 2021 жылмен салыстырғанда аурушаңдық 3,45% өскен.

14 жасқа дейінгі балалар арасында аурушаңдық 7 жағдайға, жасөспірімдер арасында 10 жағдайға өскен.
Ауырғандардың ішінде өкпе туберкулезінің алғашқы анықталған 259 жағдайы тіркеліп, 2021 жылмен салыстырғанда аурушаңдық 4,3% өскен. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында аурушаңдық қалыпты деңгейде, жасөспірімдер арасында 7 жағдайға өскен.
Айта кетейік, коронавирус ауруы бойынша қала жасыл аймақта, шектеу шаралары жеңілдетілді. Ауырып мазасызданған адамдар оқшауланып, медициналық көмек алды. Көпшілік орындарда, ұйымдасқан ұжымдарда бетперде кию, жабық үй-жайларды жиі жуып-тазарту, заласыздандыру және желдету ұсынылады.