Шымкентте жастар арасында үстел теннисінен турнир өтті

0
708

Жүлделі орындарға ие болған жастар арнайы аудан әкімі алғыс хатымен және сыйлықтармен марапатталды.


Шымкентте жастар арасында үстел теннисінен турнир өтті

Шымкент қаласы Қаратау аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудан жастарының арасында үстел теннисінен ұлдар және қыздар арасында турнир өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Турнирде жоғары және орта арнаулы оқу орындары мен мектеп жастары өзара сайысқа түсті.
Тартысты өткен турнир нәтижесі бойынша жүлделі орындарға ие болған жастар арнайы аудан әкімі алғыс хатымен және де сыйлықтармен марапатталды.
Еске сала кетейік, Шымкенттегі колледж студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта "Брейн-ринг" зияткерлік ойыны ұйымдастырылған болатын. Аталған сайыс жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті, парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, студенттердің ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту және өз ойын жеткізе білуге, ізденуге үйрету мақсатында ұйымдастырылған.
Атап айтсақ, 6 колледжден құралған топтар арасындағы тартысты бәсеке 4 кезең бойынша өтті. Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды білуге, танымдық, парасаттылық сұрақтары мен белгілі тұлғаларды танып-білу бойынша білімдері тексерілді. Ал, зияткерлік ойынға қатысушыларға Департамент, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, ішкі саясат және дін істері басқармасының, «Серпіліс» қоғамдық қорының, Арнайы мониторингтік топ өкілдері, Қазақстан журналистер одағының мүшесі мен журналистер әділ бағасын берді.
Сондай-ақ, «Брейн-ринг» қорытындысы бойынша 1-орынды №4 Байланыс және энергетика колледжінің "Энергетик" командасы, 2-орынды "Мирас" колледжінің "Мирас" командасы, ал 3-орынды "Жеңіл өнеркәсіп және сервис" колледжінің " Адал ұрпақ" командасы иеленді. Ал, сайыста топ жарып жеңіске жеткендер «9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында өтетін Форумда марапатталды.