Шымкентте Жастар мәслихатына кандидаттыққа құжат қабылдау басталды

0
2 107

14-28 жас аралығындағы жастарға «Жастар мәслихатының» депутаты атануға мүмкіндік бар​.


Шымкентте Жастар мәслихатына кандидаттыққа құжат қабылдау басталды

Шымкент қаласында алғаш рет құрылғалы жатқан Жастар мәслихатының депутаты болу үшін кандидаттыққа құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мәслихатқа мүше болған азаматтар - қала жастарының өзекті мәселелерін көтеріп, ұсыныстар жолдайды. Жастар мәслихатына Шымкент қаласының аумағында тұратын 14-28 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары мүше бола алады.

Жалпы мәслихат 29 жас депутаттан құралып, өкілеттілігі екі жылға созылады. Кандидаттардан құжаттарды қабылдау 3-12 маусым күндері аралығында жүреді.

Ал, 13-15 маусым күндері үміткерлерге дауыс беру Telegram (t.me/jastarmaslihaty) әлеуметтік желісі арқылы ұйымдастырылады.

Дауыс беру нәтижесінде, «Жастар мәслихатына» 29 депутатты, ал резервке 11 депутатты көпшілік дауыспен анықтайды. Аталған тәртіптің заңдылығын сайлау комиссиясы қадағалайды.

Құжат қабылдау сілтемесін @resurstyq_ortalyq парақшасынан таба аласыздар. Сұрақтар бойынша: +7 701 381 2892