Іс-шара Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» Қаратау ауданы бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілді.
Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» Қаратау ауданы бөлімінің ұйымдастыруымен «Арт-терапиялық» жаттығулар ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған іс-шараның мақсаты - өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениеті мен жағымды эмоция қалыптастыру.
Жаттығу жұмыстарына Қазақстан психологтар лигасының мүшесі, ҚР Ассамблеясының республикалық аналар кеңесінің спикері, Нұр-Сұлтан қаласы әкімі жанындағы "Әйелдер , және отбасы- демографиялық саясаты" жөніндегі комиссиясының мүшесі Қойшиева Лимана Құттыбекқызы және "Азимед" колледжінің студент жастары қатысты.