Аталған шараға М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі студенттері қатысты.
Шымкент қаласында жастар арасында келеңсіз жағдайлармен жат қылықтардың алдын алу мақсатында М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі студенттерімен семинар–тренинг өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған жобаның мақсаты - жастар арасында психологиялық сауаттылықты арттыру, өмірге деген қызығушылығын арттыру, ұйымдастырушылық қабілетін, командамен жұмыс дағдыларын қалыптастыру және ой - өрісін дамыту.
Өмірлік қиын жағдайға түскен жастарды әлеуметтік қоғамға тарту. Жалғыз басты жас аналар, мүмкіндігі шектеулі жастармен пробация есебінде тұрған жастар, зомбылық қарсы, аутодеструктивті мінез-құлыққа бейім жастар мен жасөспірімдердің ата-аналармен, құқықбұзушылықпен қылмыс жасауға бейім жастармен, жасөспірімдерге психологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған.
Соынмен қоса, кездесу барысында өзіне қол жұмсау деңгейін азайту төңірегіндегі мәселелер айтылды.
Айта кетейік, Шымкентте 245 мыңнан аса жастар болса, оларға қолдау көрсету мақсатында 4 ауданнан жастар ресурстық орталықтары ашылып, жыл басынан бері 21 мың жасқа қызмет көрсеткен. Одан бөлек, 9 ірі сауда орталығында жастар ұйымдары құрылған. Олар кәсіпкерлікті дамыту және заңдастыру, спорттық шараларға тарту сынды бағытта жұмыс жасайды. «Профновигация» жобасы аясында мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар жұмыстары бойынша 56 кездесу мен семинар-тренингтер, кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастырылды. Жастарды жұмыспен қамту мақсатында NEET санатындағы жастар туралы тұжырымдама әзірленіп, бекітілді. Жыл басынан 27 рет бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 4 100 жас қамтылды. «Мобильді топ» 48 шалғай елдімекенді аралап 15 000 астам жасқа ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 6 828 жас мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 162 жас алғашқы жұмыс орындары, 123 жас әлеуметтік жұмыс орындар, 3 623 жас тұрақты жұмыспен, 996 жастар практикасымен, 1 924 жас қоғамдық жұмыс орындарына жолданған.